Accessibility links

«Нұр медиа» холдингіне жаңа басшы тағайындалды


Қайсар Жанаханов «Нұр медиа» холдингінің бас директоры болып келді. Бейсенбі күні «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллин холдингтің жаңа басшысын ұжыммен таныстырды.

Бұған дейін холдингті басқарып келген Арманжан Байтасовтың бас директорлық қызметінен не себептен алынғандығы және оның жаңа жұмыс орыны туралы әзірге ештеме айтылмайды.

«Нұр медиа» холдингіне «Астана» телеарнасы, «NS» және «Деловая волна» радиолары, сондай-ақ «Страна и мир», «Дала мен қала», «Айқын», «Литер», «Нұр Астана», «Известия-Казахстан», «Түркiстан» және «Қазақстан теміржолшысы» газеттері кіреді.
XS
SM
MD
LG