Accessibility links

Пешевардағы жарылыстан 4 адам қаза тапты


Бүгін Пешеварда орын алған жанкештілік шабуылдан кемінде 4 адам қаза тауып, 10-нан аса адам жараланды.

Пәкістан ресмилерінің айтуынша, қаланың адам көп жүретін үкіметтік мекемелер жанындағы үлкен бомба жарылысын бір жанкешті жасаған.

Осыдан екі күн бұрын Пешевар қаласындағы баспасөз клубына шабуыл болып, онда үш адам қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG