Accessibility links

Иран банкі ақшаларға оппозициялық ұрандар жазбауға шақырды


Бүгін ирандық басылымдардың жазуынша, елдің Орталық банкі халықты ұлттық валюта банкноттарының бетіне оппозициялық ұрандар жазбауды ескертті.

Орталық банк үндеулер жазылған ақшаларды тезарада банкке қайтаруы керек деді.

Хабарларға қарағанда, маусым айындағы президенттік сайлау қорытындысына наразылар ақша беттеріне “диктаторға өлім” деген жазулар жазып тастаған.

Сайлаудан кейінгі наразылықтар осы аптада 1979 жылғы Ислам төңкерісінде негізгі рөл атқарған діни қайраткерді жерлеу рәсімі кезінде жалғасын тапты.
XS
SM
MD
LG