Accessibility links

Грузия мен Ресей шекараларын қайта ашуға келісті


Бүгін Грузия сыртқы істер министрінің орынбасары Нино Каландадзе өз елі мен Ресей үш жылға жабылған шекараларын ашуға келісті деді.

Ресейдің Интерфакс агенттігі хабарлағандай, екі елдің арасындағы тағы бір Қазбеги шекара бекеті ашылатын болды.

Хабарларға қарағанда, жоғары ларс шекара сызығы Грузияның екі жікшіл аймағы Оңтүстік Осетия мен Абхазия арқылы өтпейді.

Вице-министр Каландадзенің айтуынша, бұл шекара бекеттері тек жүріп-тұру үшін ғана емес, екі елдің арасындағы сауда байланыстарын қалпына келтіру үшін ашылып отыр.

Ресей мен Грузияның бұл шекара бекеттері 2010 жылдың наурызына дейін ашылады.
XS
SM
MD
LG