Accessibility links

Өзбекстан футбол жұлдызы Рональдоға 600 мың еуро төледі


Әлемге танымал португалиялық футболист Криштиано Рональдо Өзбекстанға бір күндік сапары үшін 860 мың доллар алды.

Азаттықтың өзбек қызметі таратқан хабарға қарағанда, сейсенбі күні Швейцариядан Ташкентке барған Рональда бір күн өзбек жерінде аялдап, 14 мың жанкүйеріне өнер көрсеткені үшін оған осындай ақша төленді.

Рональдоның Ташкентке сапары президент Каримовтың үлкен қызы Гульнара Каримоваға тиесілі "Мәдени форум және өнер қорының" демеушілігімен болған.

Өзбекстанның "Бунедкор" футбол клубын бразилиялық Луиз Фелиппе басқарады. Оның жылдық жалақысы 14 млн. еуро.

Осыған дейін де әлемге танымал бірнеше футбол жұлдыздарын қонаққа шақырып жүрген Өзбекстан үкіметі халықтың орташа жалақысы 220 доллар көлемінде десе, кейбір сарапшылар ол одан да төмен екенін айтады.
XS
SM
MD
LG