Accessibility links

Усама бин-Ладеннің қызы – Иман Теһранда жүр


«Әл-Қаида» террорлық ұйымының көсемі Усама бин-Ладеннің қызы – Иман Сауд Арабиясының Теһрандағы елшілігінде отыр.

Иранның сыртқы істер министрі Манучер Моттакидің айтуынша, дипломатиялық қызметкерлер иран билігін осы жөнінде хабардар еткен.

БАҚ-да бұған дейін бин-Ладеннің 2001 жылы Иранға көшіп барған бірқатар жақын туысқандары Теһранның шеткері мекендерінде үй қамауында отыр және оның қызы жақында күзеттен қашып шықты деп хабарланған еді.

Моттаки бұл мәліметке қатысты түсініктеме берген жоқ.
XS
SM
MD
LG