Accessibility links

"Азаттык" Радиосы Қырғызстанда жүлде алды


Азат Еуропа/Азаттық радиосының Қырғыз редакциясы – «Азаттык» үналгысы» Қырғызстанда жылдың ең үздік бұқаралық ақпарат құралы атанды. Бішкектің тәуелсіз «Назар» басылымының оқырмандар арасында жүргізген зерттеуінің нәтижесі осыны көрсетіп отыр.

Бұдан бір күн бұрын «Азаттык» үналгысының» бес тілшісі түрлі номинациялар бойынша үздіктер қатарынан көрінген болатын.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы демократиялық мемлекеттерге тән демократия және адам құқықтарын сақтау принциптерін, сондай-ақ халықаралық дәрежеде мойындалған нормаларға сәйкес, барлық адамдардың еркін жүру және еркін көшіп-қону бостандығын қолдайды.
XS
SM
MD
LG