Accessibility links

Түркменстан кейбір вебсайттарды жауып тастады


Түркмен билігі бірқатар вебсайттардың ашылуына тоқсауыл қойып отыр. Тәуелсіз ferghana.ru. сайтының жазуынша, бұл елдегі провайдерлік Түркментелеком компаниясы YouTube, Livejournal және ferghana.ru сайттарын жауып тастады.

Соның салдарынан Түркменстанда жұмыс істейтін көптеген шетелдік компаниялар интернетке кіру мүмкіндігінен айрылып отыр дейді ferghana.ru вебсайты.

Түркменстанда интернетті шектеу бұрыннан орын алып келеді. Бірақ президент Гурбангулы Бердімұхамедов билікке келгеннен бері Ашхабадта бірнеше интернет кафелерді қайта ашуға рұқсат берген еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG