Accessibility links

Әзірбайжандағы саяси тұтқындар рахымшылыққа ілінбеді


Әзірбайжан президенті Илхам Алиевтің қаулысымен түрмедегі 99 адамға рахымшылық жарияланды. Алайда жергілікті адам құқын қорғаушылар бұл шара елдегі саяси тұтқындар мәселесін шешпеді деп отыр.

Азаттықтың әзірбайжан қызметі хабарлағандай, Әзірбайжан билігіне халықаралық және жергілікті демократиялық ұйымдар қайрылғанына қарамастан, түрмеге жабылған журналистер Эйнулла Фатуллаев пен Ганимат Захидов, сондай-ақ блогшылар Емин Милла мен Аднан Гаджизаде рахымшылық алғандардың қатарында болмай шықты.

Amnesti Internetional ұйымы оларды ар-ождан тұтқыны деп мойындаған.

Әзірбайжан президенті туберкулез дертінен қатты науқастанып жатқан журналист Мушвига Гусейноваға рахымшылық жасаған.

Адам құқын қорғаушы топтың айтуынша, Әзірбайжандағы саяси тұтқындардың саны кемінде 25-ке жеткен.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG