Accessibility links

НАТО талибан жариялаған АҚШ әскерінің видеосын айыптады


Ауғанстандағы НАТО бастаған халықаралық күштер талибандардың өткен жазда ауған жерінде басып әкеткен американдық сарбаздың видео таспасын жариялағанын айыптап мәлімдеме таратты.

НАТО-ның мәлімдемесінде, талибандардың видео таспаны Рождество мерекесінде жариялау шешімі тұтқындағы сарбаздың отбасына соққы болды және талибандардың діни мерекеге деген жеккөрушілігін танытты деді.

Талибандар қолында отырған американдық әскер Боуи Бергдаль видео жазбада Ауғанстандағы АҚШ әскерилерінің әрекетін сынаған мәлімдемені мәжбүрлі түрде оқыды дейді НАТО ресмилері.

Бұл сарбаздың ата-анасы талибандардан балаларын босатуды сұрап отыр. Бұл видеода талибан өкілі 23 жасар американдық сарбаздың орнына қамаудағы жауынгерлерін босатуды сұрап отыр.
XS
SM
MD
LG