Accessibility links

Лондон полициясы АҚШ ұшағындағы оқиғадан кейін тексеру жүргізуде


Лондон полициясы Құрама Штаттардағы ұшақта нигериялық азаматтың жарылыс жасамақ болған әрекетінен кейін, өздерінің қалада тексеру іздеу жұмыстарын бастағанын айтып отыр.

Лондон полициясының өкілі Азаттық радиосына айтқанында, АҚШ-тың ұшағында өзін жармақшы болған күдікті Абдул Фарух Абдулмуталлаб Лондонда оқығаны мәлім болды деді.

Абдулмуталлаб Құрама Штаттарда қамауға алынды. Амстердам - Детройт бағытындағы ұшақта болған жолаушылар мен экипаж мүшелері террорлық акт жасамақ болған ол адамды басып ұстаған.

АҚШ Конгресмені Питер Кинг бұл күдіктінің әл-Қаида террорлық ұйымымен байланысы бар деп біледі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG