Accessibility links

Ирақ шиит мерекесіне орай қауіпсіздік шарасын күшейтті


Ирақта шиит мұсылмандарының Ашура мерекесіне орай қасиетті Кербала қаласында жиналатын адамдарды қорғауға он мыңдаған қауіпсіздік күштері тартылды.

Жүз мыңдаған шиит ғибадатшылары жексенбі күні Мұхаммед ғ.с пайғамбардың немересі Хуссейннің өлтірілген 680 жылдығын оңтүстіктегі қалада атап өтеді.

Ашура мерекесі шиит мұсылмандары үшін ең маңызды дәстүрлі діни шара болып табылады. Кербала қаласының билігі діни мерекеде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 20 мың әскерді тартып отыр.

Бағдадта да қауіпсіздік шаралары қолға алынды, дегенмен жол бойына қойылған бомба жарылысынан екі шиит ғибадатшысы қаза тапты.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG