Accessibility links

Татарстан премьері қазақстандық әріптесімен кездесті


Қазақстанның үкімет басшысы Кәрім Мәсімов елге бір күндік сапармен келген Татарстан премьер-министрі Рустам Минихановпен кездесті.

Тараптар бірқатар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-қайырымдылық ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылаған.

Миниханов өзінің кездесу алдында ғана Алматы облысындағы Қорғас халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығында болғанын айта келе, өздерінің орталық құрылысына инвестиция салу мүмкіндігі туралы айтқан.

2010 жылы жұмысын бастайтын Кедендік Одақ аясында екі елдің ынтымақтастығын дамыту өзекті мәселе екені атап өтілді.

Екі елдің үкімет басшылары кездесу соңында Татарстан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуда жетістіктер болатынына сенім артқан.
XS
SM
MD
LG