Accessibility links

Өзбекстанда парламенттік сайлаулар өтуде


Бүгін Өзбекстан халқы парламент сайлауына қатысуда. Түске дейін сайлаушылардың 50 пайызы дауыс беруге келді деп хабарланды.

Сайлауға президент Ислам Каримовты қолдайтын 4 партия түсіп отыр. Сонымен қатар парламенттегі 15 орын елдегі Экологиялық қозғалысқа бөлінген.

Бұл елде ресми тіркелген оппозициялық партия жоқ. ЕҚЫҰ өзінің бақылаушыларын сайлауды бақылауға жібермеді.

Аталмыш ұйым осыған дейін ресми ташкент өздерінің ешбір ұсыныстарын орындамады деп Өзбекстанға барудан бас тартты.
XS
SM
MD
LG