Accessibility links

Ұшақты жармақ болған нигериялықтың әкесі АҚШ-қа ескерткен


Осыдан екі бұрын АҚШ ұшағында жарылыс жасамақ болған 23 жасар нигериялықтың әкесі қараша айында Нигериядағы АҚШ елшілігіне баласының экстремистік қөзқарасы мен алдағы жоспары туралы ескерткен.

BBC-ден хабарланғандай, Омар Фарух Абдулмуталлабтың әкесі, Нигерияның танымал банкирі жеткізген мәліметтер оны АҚШ ұшақтарына мінуге тыйым салатын қара тізімге енгізуге жеткіліксіз болған.

Амстердам-Детроит бағытындағы ұшақта жұма күні қуатты жарылыс жасауға әрекеттенген Абдулмуталлабқа басқа жолаушылар кедергі жасап, оны бірнеше адам басып ұстаған.

Өзінің әл-Қаида ұйымымен байланысы бар екенін мойындаған ол нигериялыққа ұшақты жармақ болды деген айып тағылды.

Осы оқиғадан кейін АҚШ әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жолаушылар жіті тексеруден өтетін болды. Мұндай тексеру шаралар АҚШ-қа ұшатын барлық әлем ұшақтарында қолға алынды.
XS
SM
MD
LG