Accessibility links

Оңтүстік Корея БАӘ-нің 40 млд доллар болатын келісімін жеңіп алды


Оңтүстік Кореялық концорсиум Біріккен Араб Әмірліктерінің атом электр стансаларын құруға бағытталған 40 млд доллар болатын келісімді ұтып алды.

Парсы шығанағының ресмилері мұны аймақтағы бұрын-соңды болмаған ең үлкен келісім деп отыр. Бұл келісім Оңтүстік Кореяның атом электр стансасының бірінші экспорты әрі мұхит аржағындағы құны ең жоғары құрылыс жобасы болып отыр.

Біріккен Араб Әмірліктерінің ядролық ресмилері байқауға қатысқан франциялық және АҚШ-Жапония ұсыныстарынан қауіпсіздік талаптары өте жоғары әрі елді атом энергиясымен 2017 жылға дейін қамтамасыз етуді ұсынатын кореялық компания басым түсті деді.
XS
SM
MD
LG