Accessibility links

Мыңдаған пәкістандық қастандық құрбаны Бхуттоны еске алуда


Бүгін Пәкістан үкіметінің ресмилері мыңдаған адамды бастап екі жыл бұрын қастандық құрбаны болған бұрынғы премьер-министр Беназир Бхуттоны еске алу шарасына шықты.

Пәкістанның бірінші әйел премьер-министрі болған Бхутто Равалпинди қаласында 2007 жылдың 27-ші желтоқсанында жанкештілік шабуылдың құрбаны болды.

Бхуттоның күйеуі болған қазіргі президент Асиф Али Зардари мен премьер-министр Юсуф Раза Гилани Бхуттоның басына гүл шоқтарын қойды.
XS
SM
MD
LG