Accessibility links

12 қазақ менеджері түрмеге кесілді


Қазақстанда «БТА Банк» пен «Темірбанктің» бұрынғы топ-менеджерлерінің ісі бойынша сот процесі аяқталды деп хабарлады Интерфакс агенттігі.

Алматы қаласының Алмалы аудандық соты 12 кісіні - «Темірбанк» АҚ бөлімінің және «БТА Банк» АҚ несие комитеттері мен басқармаларының бұрынғы алты қызметкерін, сондай-ақ басқа да компаниялардың алты басшысын әртүрлі мерзімге жазалау туралы үкім шығарды.

Алматы прокуратурасының мәліметі бойынша, Бадатғали Тасыбеков, Ермек Диқанбаев, Айдос Мұқатаев, Асхат Естаев, Жанібек Жұмамұхамбетов – 8 жылға, Алексей Домашенко, Ермек Жаныбеков, Жанна Бекбаева, Ерлан Бейсекеев – 5 жылға, Әблахат Кебіров, Дәулет Дашев – 2 жылға бас бостандығынан айрылды. Тағы бір айыпталушы - Генриг Холодзинский 5 жыл шартты түрде жазаға кесілді.

Олар «БТА Банк» пен «Темірбанктің» 83 млд. астам теңгесін талан-таражға салды деп айыпталып отыр.

Тергеу ісі ұйымдасқан қылмыстық топты «БТА Банк» директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әблязов пен басқарма төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Жәрімбетов басқарды деп анықтады. Әблязов пен Жәрімбетов, сондай-ақ басқа да айыпталушылар мен күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланғандықтан, оларға қатысты қылмыстық іс жеке топтастырылған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG