Accessibility links

Иран оппозиция жетекшісі шерушілердің қазасына жол берілгенін айыптады


Иранның оппозиция басшысы Меһди Карубидің оппозициялық сайтта жарияланған мәлімдемесінде шииттердің Ашура мерекесі барысында билік жазықсыз адамдардың қаны төгілуіне қалай жол беріп отыр деген сұрақ тастайды.

Мемлекеттік телеарна жекесенбі күні Теһрандағы қақтығыстарда 8 адам қаза тауып, 300 кісінің тұтқындалғанын хабарлаған болатын.

Оппозициялық сайттар Теһранның орталығында полицияның шерушілерге қарсы оқ жаудырған деп жазды. Осы сайттың хабарлауынша, президенттік сайлауда жеңіліс тапқан кандидат Хосейін Мосавидің жиені де қаза тапқан.


Өзге де оппозицилық сайттардың ақпараттарына қарағанда, оппозициялық саясаткер Ибрахим Язди бүгін үй қамауына алынған. Бұл хабарды басқа ақпарат көздерінен растау мүмкін болмады

XS
SM
MD
LG