Accessibility links

Обама ұшақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету сәтсіз болған деді


Президент Барак Обама шабуыл жасамақ болған күдіктінің АҚШ-тың ұшағына енуіне жол берілгенін айыптады.

Обаманың айтуынша, 23 жастағы нигериялықтың әл-Қаида террорлық ұйымымен байланысы болғанына және оның әкесінің ескертуіне қарамастан, оның Құрама Штаттар ұшағына жіберілуі қауіпсіздік жүйесіндегі сәтсіздік деп атады.

АҚШ президенті ол күдіктінің ұшаққа өтіп кетуінде қатенің неден кеткенін әрі Құрама Штаттардың әуе кеңістігін қалай жақсырақ қорғауға болатыны туралы өзінің білгісі келетінін айтты.

Умар Фарук Абдулмуталлаб жарылғыш заттарын аяғына байлап, желтоқсанның 25-де Амстердам-Детройт бағытындағы ұшаққа отырғанда, Нигерия астанасы Лагос және Амстердамдағы қауіпсіздік бекеттерінен кедергісіз өткен.
XS
SM
MD
LG