Accessibility links

Түркменстан үлкен газ келісімін жасады


Түркменстан әлемдегі ең ірі газ кенішін дамыту үшін халықаралық консорциумға 9,7 млд доллар болатын келісім-шарт ұсынды.

Түркменстандық ақпарат құралдарының жазуынша, халықаралық консорциум Қытай, Оңтүстік Корея және Біріккен Араб Әмірліктерінің компаниясынан құрылған.

Тәуелсіз бақылаушылар Каспий жағалауындағы Оңтүстік Иолотон газ кенішінде 6 триллион текше метр газ болуы мүмкін деп отыр. Бұл әлемдегі 4-ші немесе 5-ші ең ірі газ кені болмақ.

Түркменстанның энергия көзін иеленуде Қытай, Ресей және Батыс елдерінің компаниялары арасында үлкен бәсекелестік бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG