Accessibility links

АҚШ сенаторы Иранға қарсы санкция тезірек салынғанын қалайды


АҚШ сенаторы Джозеф Либерман Иранға қарсы экономикалық санкциялар салу жөніндегі заң қаңтар айының аяғына дейін келіп түседі деген үмітін білдірді.

Фарда радиосына берген сұхбатында Либерман, ол санкциялар Теһранның даулы ядролық бағдарламасы мен қатар бұл елдегі адам құқықтарының бұзылу жағдайына қатысты салынады деді.

Сенатордың сөзіне қарағанда, АҚШ Сенаты қаңтардың 19-да жиналып, санкциялар туралы заң жобасын қарайтын болады. Ол демократтар мен республикандықтардан құрылған топ бұл заң бойынша жұмыс істер жатыр деп айтты.

Бұл топта тәуелсіз жұмыс істеп жатқан Либерман Иран үкіметіне қатысты Обаманың шыдамы таусылуы түсінікті дей келе, бұл режимге қарсы экономикалық санкциялар салу үшін көп жұмыс жасалады деді.
XS
SM
MD
LG