Accessibility links

Грузия президенті 90 тұтқынға рахымшылық жариялады


Азаттық радиосының грузин қызметі хабарлағандай, Грузия президенті жанындағы рахымшылық жөніндегі комиссия президент Саакашвилиге 20 сотталғанға рахымшылық жасауды ұсынған.

Бірақ Грузияның православ шіркеуінің басшылығы тағы 70 адамға рахымшылық беруге шақырған.

Ал ел президентіне рахымшылық сұрап қайрылғандар саны мыңнан асады. Олардың қатарында саяси тұтқындар жоқ екені айтылып отыр.
XS
SM
MD
LG