Accessibility links

Ресей Қазақстан мен Иранның заңсыз уран саудасы туралы хабарды тексеруде


Бүгін Ресейдің сыртқы істер министрлігінің өкілі Андрей Нестеренко өз елі соңғы күндері тараған Иран Қазақстаннан уран сатып алмақшы деген ақпаратты тексеріп жатқанын айтты.

Нестеренконың айтуынша, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1737-ші қарары Иранға ядролық материалдар сатуға қатаң шектеу енгізген. Сондықтан Ресей барлық елдердің үкіметтері осы қарарды орындауы керек деп біледі.

Желтоқсанның 29-нан бастап, бірқатар ақпарат құралдарында Қазақстан 1350 тонна уранын Иранға сату жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр деген мәлімет тараған.

Қазақстан мен Иран ресмилері ол ақпаратты шындыққа жанаспайды деп, жоққа шығарды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG