Accessibility links

Иран прокуроры оппозиция жетекшілеріне айып тағылуы мүмкін деді


Иранның мемлекеттік прокуроры Голам Хоссейн Ежехей бейсенбі күні егер осы аптадағы үкіметке қарсы шерулерін айыптамаса, оппозиция жетекшілеріне қарсы іс қозғалуы мүмкін деп ескертті.

Оның айтуынша, Мир Хоссейн Мусави мен Мехди Каруби сияқты жетекшілерге құдайды жоққа шығаратын адамдарды қолдап отыр деген айып тағылуы мүмкін.

Бұл ескерту сегіз адамның өліміне әкелген желтоқсанның 27-дегі шерулерден кейін айтылып отыр. Иран билігі елдегі қиындай түскен жағдайды бақылауда ұстау күрделі болып бара жатқанына алаңдаушылық танытып отыр.

Бейсенбі күнге жоспарланған оппозициялық шерулер қаруланған үкіметтік күштер Теһран қаласы бойынша орналастырылған соң болмай қалды.
XS
SM
MD
LG