Accessibility links

Қазақстан, Беларусь және Ресей құрған Кедендік Одақ жұмысы басталды


2010 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері құрған Кедендік одақ жұмысын бастап, бұл кеңістікте бірыңғай кедендік тариф күшіне енді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа жылдық құттықтауында, "кедендік одақ біздің экономикамызды күшейтіп, экономикалық кеңістікте жаңа мүмкіндіктер ашылады, қазақстандықтардың өмір-сүру ахуалын жақсартады" деді.

Үш ел дайындаған Кедендік кодекс жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстан парламентінің бекітуіне беріліп, 2010 жылдың 1-шілдесінен бастап күшіне енбек.

Кедендік одақ толық қанды жұмысын 2011 жылдың шілдесінен бастайды деп жоспарланған. Одан кейін қазақстан, Ресей және Беларусь бірыңғай экономикалық кеңістік құрмақшы.

Кедендік одақ ретінде үш ел бірігіп ДСҰ-на қосылу келіссөздерін 2010 жылдың басында қолға алады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG