Accessibility links

Обама: Ұшақты жармақ болған әл-Қаиданың дайындаған адамы


АҚШ президенті Барак Обама Рождество мерекесінде американдық ұшақта жармақ болған адам Йемендегі әл-Қаида террорлық ұйымының жанкештісі болып шықты деді.

Бұл туралы Барак Обама апталық үндеуінде айтып, 23 жастағы нигериялық Умар Фарук Абдулмуталлаб әл-Қаиданың террорлық тобына қосылған, олар оған жарылғыш заттар беріп, Америкаға бағыт алған ұшақты жаруға тапсырма берген деп мәлімдеді.

25-ші желтоқсанда Абдулмуталлаб Амстердам-Детройт бағытындағы ұшақта жарылыс жасамақ болды. Бірақ жолаушылардың көмегімен оның алды алынды.

Абдулмуталлаб қазір қамауға алынып, оған айыптар тағылды.
XS
SM
MD
LG