Accessibility links

Германия: Ауғанстандағы қауіпсіздікке қолбасшылық осы жылдан ауысуы керек


Германия НАТО бастаған әскерлер Ауғанстандағы қауіпсіздікке жауапкершілікті жергілікті күштерге беруді 2010 жылдан бастауы керек деді.

Сыртқы істер министрі Гуидо Вестервелле сенбі күні жарық көрген германиялық басылымға берген сұхбатында, Лондондағы Ауғанстан бойынша конференцияда біз ауған жерінің қауіпсіздігіне жауапкершілікті тапсыруды осы жылы бастауымыз керек деген.

Қаңтардың 28-де Лондонда НАТО одақтастарының Ауғанстандағы стратегиясы бойынша конференция өтеді. Германияның Ауғанстандағы жасақтары 4,500-ге жетіп отыр. Бұл НАТО құрамындағы үшінші үлкен контингент.
XS
SM
MD
LG