Accessibility links

Иранда есірткі саудагерлерімен қақтығыста 11 полиция өкілі қаза тапты


Ираннан келіп түскен хабарларға қарағанда, елдің 11 полиция қызметкері есірткі саудасымен айналысатын топпен болған қақтығыста қаза болды.

Қарулы қақтығыс Теһраннан 500 шақырымдай батыстағы шөлдалада полиция есірткі саудагерлерін тоқтатпақ болғанда орын алды.

Ауғанстан мен Пәкістаннан Парсы шығанағы елдеріне өтетін заңсыз есірткі тасымалының жолында мұндай атыстар жиі болады.
XS
SM
MD
LG