Accessibility links

Қарағандыда қарлы боран күшейген соң оңтүстікке жол жабылды


Қарағанды аймағында ауа-райы күрт өзгеріп, қарлы боран тоқтамай жатқан соң оңтүстікке қарай баратын автожол жабылды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменіне сілтеме жасап хабарлап отыр.

Ақпарат көзінің хабарына қарағанда, Қарағанды облысында екінші күн қатарынан қатты жел тұрып, қар қалың түсіп жатыр. Сонымен қоса, үлкен жолдар мұзтайғақ болып, көліктің жүруіне үлкен қауіп төндіріп отыр. Осыған байланысты сенбі күні кешкісін Қарағандыдан оңтүстік бағыттағы Жезқазған, Балқаш, Алматыға баратын үлкен жол толығымен жабылды.

Тек Астанаға апаратын солтүстік бағыттағы жол әзірге ашық тұр деп хабарлаған Қарағандының төтенше жағдайлар департаментінің кезекшісі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG