Accessibility links

Ирақтан АҚШ әскерінің шығарылуы мамырда басталады


Ирақтағы парламенттік сайлау мерзімі қаңтардан наурыз айына ауыстырылғанына қарамастан, бұл елдеші Құрама Штаттар жасағы алдын-ала жасылынған кесте бойынша шығарылады.

Ирақтағы АҚШ күштерінің қолбасшысы генерал Рэй Одьерноның айтуынша, егер жағдай тұрақты болса, әскердің шығарылуы осыған дейін жоспарланғандай мамырда басталады.

Қазіргі таңда Ирақта 110 мың американдық әскер бар. Әскери күштердің негізгі бөлігі бұл елден шығарылған соң, жергілікті әскерге қосымша қолдау танытатын 50 мыңдай жасақ қалады. АҚШ-тың барлық әскерилері 2011 жылдың аяғында Ирақтан шығып кетуі керек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG