Accessibility links

Ауғанстан президенті үкімет мүшелерін жаңадан таңдайды


Ауғанстан парламенті үкімет құрамына ұсынылған 24 кандидаттың 17-сін мақұлдамай тастаған соң, ел президенті Хамид Карзай үкіметке жаңа мүшелер таңдайтын уақытты белгілейтін болды.

Ауған парламенті жасырын дауыс беру арқылы министрлік қызметтен үміткерлердің тек 7-ін ғана қолдаған болатын. Оның ішінде бұрынғы министрлерден қазіргі қорғаныс министрі Абдул Рахим Вардак орнында қалып отыр.

Сонымен қатар депутаттар сауда, экономика, қоғамдық денсаулық сақтау сынды 17 министрді мақұлдаудан бас тартты. Білім, қорғаныс, ішкі істер, қаржы, ауылшаруашылық және мәдениет сияқты жеті министр ғана үкіметтің жаңа құрамына өтті.

Тамыз айындағы даулы сайлауда жеңіске жеткен президент Хамид Карзай желтоқсанның аяғында үкіметті жасақтағанын жариялап, онда 24 министр болады деп айтқан.
XS
SM
MD
LG