Accessibility links

БҰҰ-ның Ауғанстандағы өкілі кабинетті бекітпеу кері кету деді


Ауғанстандағы БҰҰ миссиясының басшысы парламенттің президент Хамид Карзай ұсынған үкімет құрамының 70 пайызын бекітпеу шешімі қиын кезеңде саяси артқа тарту деді.

Жексенбі күнгі мәлімдемесінде, БҰҰ-ның өкілі Кай Эйде Карзай ұсынған 24 кандидаттың 17-сінен бас тарту Ауғанстан мен халықаралық қауымдастық елге тезара реформалар қажет деп отырған тұста назарды басқа жаққа аудару болды деп айтты. Оның айтуынша, Карзай жаңа таңдауларын жасауға саяси күш-жігерін жұмсауы керек.

Ауған депутаттары Карзайдың саяси досы немесе әскери қолбасшылық тарихы бар, болмаса білімі жетімсіз деп бірқатар үміткерлерді министрлікке бекітпей тастаған.

Карзай таза да, жауапты үкімет жасақтауда Батыстың қысымына тап болып отыр. Батыс елдері Ауғанстанның жаңа үкіметі елді жайлаған жемқорлықпен күрескенін қалайды.
XS
SM
MD
LG