Accessibility links

Пәкістандағы жарылыстан талибандарға қарсы ақсақалдар қаза тапты


Бүгін Пәкістанның солтүстік-батысында жол бойына қойылған бомбадан талибандарға қарсы ақсақалдардың көлігі жарылды. Онда болған екі адам қаза болса, екеуі қатты жарақат алған.

Associated Press агенттігінің жергілікті ресми Насиб Шахқа сілтеме жасап хабарлауынша, пәкістандық қариялар ауғанмен шекаралас Бажур тайпалы аймағында талибандарға қарсы жұмыс жасап жатқан.

Ауған ресмиінің сөзіне қарағанда, ақсақалдар Хар қаласындағы ресмилермен кездесуге бара жатқанда, жол бойындағы алыстан басқарылатын бомба жарылған. Бұл жарылыс осы аймақта 100 адамның өмірін қиған спортшыларға қарсы шабуылдан кейін орын алып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG