Accessibility links

Йемендегі АҚШ пен Британия елшіліктері жабылды


Құрама Штаттар мен Ұлыбританияның Йемендегі елшіліктері террорлық шабуылдың болу қаупіне байланысты жабылып отыр.
Бұл туралы хабарламада, бұл аймақта бекінген әл-Қаида тобы Йемен астанасындағы американдық нысандарға шабуыл жасауы мүмкін делінген. Сонымен қатар АҚШ елшілігі йемендік қызметкерлерін біраз уақыт бұл елден тыс болуын сұрады.

Сондай-ақ Лондоннан түскен хабарларға қарағанда, Сана қаласындағы Британия елшілігі де қауіпсіздік себептеріне байланысты жабылды. Бірақ олар нақты бір қауіп-қатер туралы ештеңе айтпады.

Құрама Штаттар мен Ұлтыбритания Йемен билігіне елдің оңтүстігіне бекінген әл-Қаида жауынгерлерімен күресі үшін қаржылай қолдау көрсететіндіктерін мәлімдеген.

Йемендегі бұл террорлық топ желтоқсанның 25-де нигериялық Умар Фарук Абдулмуталаб арқылы американдық ұшақты жармақ болған.
XS
SM
MD
LG