Accessibility links

Түркияда пойыз соғылысынан бір адам қаза тапты


Бүгін Түркияның солтүстік-шығысында жолаушылар пойызы келесі бір пойызға соғылысып, бір адам қаза тауып, төрт кісі жараланды.

Анадолы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, пойыз апаты болған жерге құтқарушылар жетіп, пойыз қирандысы астында қалғандарды шығарып алды.

Төтенше оқиға Стамбулдан 400 шақырымдай жерде болған. Оған пойыз жүргізушісі белгі берілгенде тоқтамай, екінші пойызға келіп соқтығысуы себеп болған.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG