Accessibility links

Ресей астанасында Мәскеу-Минск мұнай келіссөздері жүріп жатыр


Мәскеу қаласында ресей мұнайын Белоруссияға сату және оны 2010 жылғы транзит туралы келіссөздер жалғасуда.

Ресейдің энергетика министрінің көмекшісі Ирина Есипованың айтуынша, Белоруссия аумағы арқылы мұнай транзиті әзірге толық ауқымда жүзеге асып жатыр.

2 қаңтарда Белоруссия үкіметінің баспасөз қызметі Мәскеу тарапынан ел делегациясына Кеден одағы туралы келісімдерді бұзу мақсатында қысым көрсетіліп жатыр деп хабарлады.

Өткен бейсенбі күні Мәскеу және Минск 2010 жылғы мұнай тасымалының шарттарын келістіре алмаған болатын.
XS
SM
MD
LG