Accessibility links

Ауғанстанда шетелдің бес сарбазы қаза болды


НАТО-ның хабарлауынша, Ауғанстанның оңтүстігінде жолға қойылған бомбаға түсіп қалған АҚШ-тың төрт сарбазы қаза болды. Солтүстік атлантика блогының басқаруындағы халықаралық күштердің қолбасшылығы бұл оқиға туралы қосымша ақпарат таратпады.

Бұған дейін Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі Ауғанстанның Гильменд провинциясындағы жарылыста жараланған британ сарбазы қайтыс болғандығын хабарлаған еді.
XS
SM
MD
LG