Accessibility links

Жаңа жылдың алғашқы саудасы күні мұнай бағасы жоғарылады


Мұнай бағасына қатысты пікірталастан кейін Беларусты шикі мұнаймен қамтамасыз етуді тоқтату туралы Ресейдің шешімінен соң бүгінгі саудада мұнай бағасы кілт өсіп кетті.

Сөйтіп,Азия сауда нарығында шикі мұнай тасымалы ақпан айында 60 центке қымбаттап, бір баррелі 80 долларға дейін баратын болды.

Жексенбі күні Беларусь үкіметі Ресей мұнай экспортына қатысты өз шарттарына көндіру үшін қысым жасап отыр деп айыптаған еді, ал хабарларда келісссөздер барысында сәл де болса алға жылжушылықтың болғаны атап өтілген болатын.

Көршілес екі елдің арасындағы пікірталастің өзегі Ресей Беларусь аумағы арқылы Батысқа өтетін мұнай экспортының осы елдің ішіндегі шығыны үшін салық салуды көздегендіктен шыққан еді.

2007 жылдың қаңтарында Мәскеу мен Минск арасындағы осындай дау барысында Германия мен Польшаға мұнай тасымалы қысқарып, Ресейдің қуат көздері ретіндегі әріптестік қабілетіне Батыстың алаңдаушылығын күшейткен еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG