Accessibility links

Иран президенті Орталық Азия сапарында жүр


Иран президенті Махмұд Ахмединежад бүгін Душанбеде президент Эмомали Рахмонмен кездесуден кейін, өз елі Тәжікстанмен бірге аймақтық қауіпсіздік саласында ынтымақтасып, Ауғанстан мен Пәкістанда тұрақтылық орнауына ықпал ететін болады деп атап көрсетті.

Ахмединежад сондай-ақ Теһран Тәжікстанның энергия, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларына инвестиция салуды жалғастыра береді деді.


Иран президенті сейсенбі күні Түркменстанға барып, президент Гурбангұлы Бердімұхамедовпен кездеседі және олар Түркменстан мен Иран арасындағы газ құбырын ашады деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG