Accessibility links

Аббас Израилмен бітімгершілік келіссөздері туралы айтты


Палестина автономиясының президенті Махмұд Аббас егер Израил қоныстандыру қимылын тоқтатын болса, бітімгершілік келіссөздерін қайта бастауға әзір екендігін мәлімдеді.

Мысыр президенті Хосни Мүбаракпен кездесуден соң сөйлеген сөзінде Махмұд Аббас "қоныстар тоқтатылып, халықаралық заңдар мойындалса, біз де келіссөздерді қайта жаңғыртуға дайын боламыз" деп атап көрсетті.

Аббас аймақтағы дипломатиялық сапарында Қатар мен Кувейтке, Түркияға да барады.



XS
SM
MD
LG