Accessibility links

Ауғанстандағы әскери базаны құпия тыңшы жарған деп хабарланды


Ауғанстандағы әскери базаға өткен жылдың соңында жасалған жанкештілік шабуылды қос тарапқа жұмыс істеген тыңшы жүзеге асырған деп хабарлады NBC. 2009 жылы желтоқсанда Ауғанстанның Хост провинциясында орналасқан базадағы жарылыстан Орталық барлау басқармасының жеті қызметкері және иордандық барлау қызметінің офицері қаза болған еді.

Американдық телеарна базаны Иордания азаматы Хумам Халиль әл-Балауи жарған деп хабарлады. «Әл-Қаида» ұйымына қатысы бар делінетін әл-Балауиді Иорданияның арнайы қызметі ұстап, оны мекеме мүддесі үшін жұмыс істеуге үгіттеген. 36 жастағы дәрігерге террорлық топтың басшылығының құрамына кіру тапсырылған. Шын мәнінде әл-Балауи «Әл-Қаида» ұйымына қызмет етуін жалғастыра берген деп хабарлады телеарна.

АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы бұл ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG