Accessibility links

Ауған парламенті жаңа үкіметке үміткерлерді қарайды


Ауғанстан парламенті министрлер кеңсесіне үміткерлерді қарау үшін 45 күндік қысқы демалысынан бас тартты. Жаңа үкіметке үміткерлердің тізімін президент Хамид Қарзай таныстыруы тиіс.

Депутаттардың қысқы демалысын үзе тұруды Қарзайдың өзі ұсынды. Өйткені бұған дейін ауған парламенті министрлікке 24 үміткердің 17-ін қабылдамай қойған еді.

Ауғанстан президентінің ресми мәлімдемесі бойынша, жаңа үміткерлер тізімі парламент қарауына жақын күндері ұсынылуы тиіс.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG