Accessibility links

Астанада Жәкішев ісі бойынша сот мәжілісі басталды


Астана қаласы №2 Сарыарқа аудандық сотында «Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің ісі бойынша сот мәжілісі басталды. Сот процессі жабық есік жағдайында өтіп жатыр деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Бұған дейін прокуратура сот мәжілісінің ашық өтуін сұраған болатын. Сот процесінің алдын ала тыңдаулары кезінде судья айыптаушы жақтың бұл өтінішін қанағаттандырған жоқ.

Жәкішевке ұйымдасқан топ құрып, мемлекетке ірі көлемде материалдық залал келтірді және мердігер кәсіпорын басшыларынан ірі көлемде пара алды деген айыптар тағылып отыр. Топ-менеджер биылғы мамыр айында тұтқындалып, ҰҚК-нің Астанадағы тергеу абақтысына қамалды.
XS
SM
MD
LG