Accessibility links

Обама террорға қарсы күрес реформаларын бастамақшы


АҚШ президенті Барак Обама бүгін арнайы қызметтер мен қауіпсіздік агенттіктерінің жетекшілерімен кеңес өткізіп, террорға қарсы қазіргі күрес шараларын қайта қарастырмақшы.

Бұндай қадам 25 желтоқсанда нигнриялық азаматтың Амстердам-Детройт бағытындағы жолаушы ұшағын жарып жібермекші болған әркетінен кейін жасалып отыр.


АҚШ билігі Америкаға ұшып баратын жолаушыларды қатаң бақылаудан өткізу үшін қабылданатын шаралар турасында хабарлаған болатын.

Кеше АҚШ азаматтары өте қатаң, жан-жақты тексеруден өткізілетін жоғары террор қаупі бар делінетін 14 мемлекеттің тізімін де жариялаған еді.

XS
SM
MD
LG