Accessibility links

Иран халықаралық 60-тай құрылымды "қара тізімге" енгізді


Иран барлау министрлігі елдегі сайлаудан кейінгі толқуларда өзіндік рөл атқарып, арандатушылықты қолдады делінген 60-қа жуық халықаралық ұйымдар мен медиа құрылымдардың тізімін жариялады. Ол тізімде Фарда радиосынан бастап, Би-Би-Си, Америка даусы және Нидерландыда орналасқан Замануи радиосы бар.


Барлау министрлігінің халықаралық істер бойынша аты аталмаған бір шенеунігі тізімге енгізілгендерді «Иранның билік жүйесіне қарсы арандатушылық әрекет жасаған шетелдік ұйымдар» деп айыптаған.


Осы тізімдегі халықаралық ұйымдар қатарынан сондай-ақ АҚШ-ң ашық қоғам институты, Хюман Райтс вотч және Фридом хоус ұйымдарын да табуға болады.


Министрлік өкілдері ол ұйымдармен ынтымақтастық пен байланыс орнатуға тыйым салынғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG