Accessibility links

Беларусь Кеден одағы туралы заңды бекітті


Беларусь президенті Александр Лукашенко Кеден одағы туралы келісімді мақұлдайтын заңға қол қойды. Кеден одағы туралы құжатты осы одаққа қатысатын тағы екі елдің басшылары -Қазақстан мен Ресей президенттері бір ай бұрын қол қойған болатын.

Беларусь президенті ратификациялаған құжаттар арасында тарифтік квота мен жеңілдіктер, Беларусь пен Ресей, Қазақстан арасындағы тауардың кедендік құнын белгілеуге бағдар беретін ақпараттармен алмасу туралы келісімдер бар.

Жақында Ресей мұнайының тасымал бағасы төңірегінде болған дау тұсында Минск Кеден одағына қосылудың қажетсіз екендігін мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG