Accessibility links

Сербия Грекия мен Македонияға арағайын болуға әзір


Бүгін Белградтағы елшілер басқосуында президент Борис Тадич Македония атауына байланысты Грекия мен Македония арасында біраз уақыттан бері жалғасып келе жатқан пікірталасқа Сербияның арағайындық етуге даяр екенін айтты.

Грекия өзінің солтүстігіндегі көршісінің 1991 жылы Югославиядан бөлініп шыққаннан бері халықаралық қауымдастықта Македония атауымен мойындалуына қарсы. Өйткені Грекияның солтүстігінде Македония деп аталатын өз аймағы бар, сондықтан да гректер ұқсас тағы бір атаудың болуы территориялық тұтастыққа қауіп деп біледі.

Жақында Грекия үкіметі атауға байланысты дау шешімін тапқанға дейін Македонияның ЕурОдаққа қабылдану келіссөздеріне кедергі келтіреміз деген болатын.
.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG