Accessibility links

Алматыда 200-ден аса жолаушы Таиландқа ұша алмай отыр


Алматы әуежайының анықтама қызметінің Азаттыққа берген мәліметінше, Алматы-Утапао бағытындағы №457 рейс бүгін, қаңтардың 6 күні, жергілікті уақытпен сағат 15.05-те ұшуі тиіс.

232 жолаушы бірнеше күннен бері Алматыдан Таиландқа ұша алмай отыр, рейстің ұшуы 6 рет кері шегерілді. «Скат» авиакомпаниясы өкілдері оған негізгі себеп – техникалық ақаулар дейді.

«Ұшақты қаңтардың 4 күні түнгі сағат екіден бері жөндеуге тырысып жатырмыз, әзірге – нәтижесіз. Одан өзге Паттайадағы Утапао әуежайында тағы 210 қазақстандық туристер дәл осы ұшақты күтіп отырған жайы бар», – дейді өзін Иван деп таныстырған авиакомпания өкілі.

«Скат» компаниясының Алматы кеңсесінің директоры Сергей Колебаевтың айтуынша, аталған бағыттағы самолет – біреу ғана. Ол Алматыда. Әуе кемесі Қазақстаннан Таиландқа ұшып кері қайтуы тиіс еді. Паттайадағы туристер бір тәулік бойы өз рейстерін күтуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG