Accessibility links

Бүгін Таиландта қазақстандық ұшқыштарға қатысты сот өтуі тиіс


Таиландта ұсталған қазақстандық ұшқыштарға қатысты кезекті сот отырысы бүгін өтуі тиіс.

«Мүмкіндігінше біздің азаматтарымызбен кездесіп, оларға жаңа ақпарат жеткізуге тырысуда. Шынын айтқанда, біздің жақтан қосымша дипломатиялық көмектен тыс көмек мүмкіндігі туралы хабарым жоқ», - деді сейсенбі күні Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов.

Өткен жылы 12-ші желтоқсанда Бангкокқа қонған Ил-76 ұшағынан 35 тоннадан астам қару-жарақ тәркіленіп, жүк ұшағы экипажындағы бес адамның төртеуі Қазақстан азаматтары болып шыққан еді. Ол төртеуін – Ілияс Исақов, Александр Зрыбнев, Виталий Шумков және Виктор Абдуллаевты қазір Таиландтың заң орындары тергеп жатыр.
XS
SM
MD
LG